АҚШ шейіттер жасағына тосыннан шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170808150841610_small.jpg

Ирактағы шейіттерден тұратын «Катиб Сайид аш-Шухада» ұйымында АҚШ тарапынан болған артиллериялық оқ жаудырудың салдарынан бірнеше адамның көзі жойылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Ас-Сумария» телеарнасы хабарлады.

«Катаиб Сайид аш-Шухада» – «Әл-Хашд аш-Шааби» шейіттер жасағының бір бөлшегі. Оқиға Сирия мен Ирак шекарасына жақын маңда орын алды.

Жасақ әскерлерінің айтуынша, ұйымның бірнеше жауынгері америкалық шабуылдың салдарынан қаза тапқан.

«Әл-Хашд аш-Шааби» ұйымы шабуылды айыптап, Ирак билігінен тергеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар