Қостанайда есірткі мафиясын әйел адам басқарған

    Aknur Mukhtarkhan
    Қостанайда  есірткі мафиясын әйел адам басқарған

    Қостанайда 11 адамнан тұратын есірткі мафиясын әйел адам басқарған. Қылмыстық топ мүшелерін айыптау бойынша қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай және Рудный қаласының 11 тұрғыны "ірі және аса ірі көлемде есірткілік заттарды сату үшін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау" әрекеттеріне барған. Олар бұл қылмысы үшін 15-20 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. 

    Есірткі мафиясы былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген. 2016 жылы желтоқсанда күдіктілер ұсталды. Қылмыстық топтың басшысы әйел адам болып шықты, оның үйін тінту барысында 3 келі 227 грамм героин мен оқ ататын қару және оқ-дәрі табылған.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025