Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Түркия президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді.
Пікір қалдыру