Астаналық кәсіпкер киім-кешектерді тегін таратуда

/uploads/thumbnail/20170808192641730_small.jpg

Астаналық кәсіпкер «қайырымдылық» киім-кешек дүңгіршегін ашты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қайырымдылық жобасы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қолға алынған. Елорданың кез келген тұрғыны қажетсіз, пайдалануға жарайтын киім-кешек және тұрмыстық заттармен бөлісе алады.

Қайырымдылық дүңгіршектері Астана қаласы Көктал көшесі 18, «Көктал» автобөлшектер базарындағы ТҚО ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар