Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров индонезиялық әріптесі Ретно Марсудимен өткен келіссөз нәтижесінде РФ мен Индонезияның ДАИШ террористік ұйымына қарсы күресте арнайы қызметтерді жандандыру туралы келісімге келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«ДАИШ тарапынан төнген қауіп толастар емес», – деді министр келіссөз барысында. Енді Ресей мен Индонезия ДАИШ содырларына қарсы бірігіп күресетін болды.
ТАСС агенттігің мәліметіне сүйенсек, Индонезия ЕЭО аясында еркін сауда аймағын құру туралы шешімге қызығушылық танытып отыр. «Аталмыш шешім енгізілді, қаралымға жіберілген. Ресей шешімді толығымен қолдап отыр», – деді бұл туралы министр Лавров.
Пікір қалдыру