Парижде әскерилерге жасалған шабуыл қасақана әрекет деп бағаланды

/uploads/thumbnail/20170809165042414_small.jpg

Париждің сыртындағы Леваллуа-Перре аталатын жерде автокөлік бір топ әскерилерді соққан. Осы оқиғаны қала мэрі Патрик Балкани қасақана жасалған әрекет деп бағалады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters-тің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, 6 адам жарақат алған. Оқиға орнынан ізін суытып үлгерген қаскөйді қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Ол BMW автокөлігіне мінген афроамерикалық нәсілді ер адам екені анықталған. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар