«Ертұғырыл» телехикаясының актерлері Астанада

/uploads/thumbnail/20170809170325639_small.jpg

2017 жылдың 10 тамыз күні, сағ 14:30-да  «ЭКСПО-2017»  мамандандырылған көрмесі аясында Түркия павильонында түріктің «Ертұғырыл» атты тарихи туындысының актерлерімен баспасөз мәслихаты өтеді. Кездесу барысында осы телехикаяның кейіпкерлерін сомдаған  актерлер - Нуреттин Сонмез (Бамсы Бейрек), Дженгиз Джошкун (Тургут Альп) және режиссер Мехмет Боздаг павильон қонақтарының сұрақтарына жауап беріп, автограф таратады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасай отырып.

Еске сала кетейік, «Ертұғырыл» телехикаясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:35-те көрсетіліп келеді. Аталмыш телехикая І Османның әкесі Ертұғырыл батырдың көршілес жатқан талай мемлекеттердің зәресін алған қас батырлығы жайында. Оның басты мақсаты – басқыншылық саясатын ұстанған византиялықтарды басып алу болды. Ертұғырыл осы мақсатына жеткеннен кейін де тоқтап қалмай, жаугершілік сапарын жалғастырып, Азия мен Еуропаның көп бөлігін иеленген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар