Қайырымдылық автокеруені Шортандыдан бастау алды

/uploads/thumbnail/20170809171122573_small.jpg

Көкшетау қаласында «Әйелдер жүргізеді» қайырымдылық автокеруені акциясы басталды. Бұл акцияны ұйымдастырушылар Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған акция қауымдастықтың құрылуының екі жылдық құрметіне, мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен сенбіде Шортанды ауданында жеке кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты, қауымдастықтың төрағасы Ирина Жукова аудандағы іскер әйелдерді, автокеруеннің қатысушыларын шашу шашып, нан мен тұз ұсынып салтанатты түрде қарсы алды.

Олан әрі көңілді жалаушалармен безендірілген, көп балалы отбасылар үшін қайырымдылық көмекпен тиелген автокөліктер Шортанды кентінің орталығына келді. Акцияның жалғасы ретінде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ауданның түрлі саласының белсенді әйелдерімен бес түрлі институционалдық реформаларды, кәсіпкерлік және лаиф-коучинг түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин әйелдер қауымын қошеметтеп, өзінің жылы жүзді, бейресми сөзінде, әйел бүгінгі күні күнделікті тұрмысқа, бала тәрбиесіне ғана жауапты емес, сонымен қатар елдің экономикалық және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосатынын атап өтті. Ол аудан өмірінің барлық саласында, атап айтсақ,  мемлекеттік қызметте, білім беру саласында, денсаулық сақтау саласында және азаматтық секторда әйелдер лайықты ұсынылатынын айқын куәландыратын мәліметтерді келтірді.

Іс-шаралар соңында Шортанды ауданының іскер әйелдері эстафетаны қабылдап, қайырымдылық автокеруеніне қосылды, ол келесі күні Целиноград ауданына бет алды.

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар