ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Иран Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салехи Амири сейсенбі күні Тегеранда кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениет пен өнер аясындағы серіктестік турасын талқылады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті ParsToday агенттігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Иран министрінің айтуынша, ирандық кино әлем бойынша жоғарғы деңгейде және Қазақстанмен бірігіп кино түсіруге, кино саласында білім жүйесін дамытуға атсалысады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Иран үшін орны айрықша екенін айта кетіп, Иран президенті Хасан Роуханидің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрметтейтінін де жеткізді. Қазақстанмен қай салада болмасын, серіктестік құруға дайын екендерін айтты.
«Иран мен Қазақстан серіктес болу үшін ешқандай кедергі жоқ. Екі жақ та музыка, өнер, театр және көркем галерея аясында бірігіп жұмыс атқара алады», – деді Иран Мәдениет және ислам бағдар министрі.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да Иранның тарихи туризмі Қазақстан үшін аса маңызды екенін жеткізді.
Пікір қалдыру