Егер қазір Жер шарындағы ауа температурасының күрт өзгеруін реттеу үшін амалдар қолданылмаса, 2100 жылы 350 миллион еуропалық қауіпті климаттық жағдайдан зардап шегетін болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі rostbalt.ru мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Халықаралық ғалымдар тобының зерттеуі бойынша, 2100 жылға қарай Жер бетіндегі 99% адам өлімі қолайсыз ауа райынан болады.
Арнайы мамандар 1981 жылдан 2010 жылға дейінгі ауа райын тексерді. Ғалымдар өзара салыстырулар мен халықтың көшіп-қонуын, сонымен қатар, алдағы ауа райы болжамдарын ескере келе, орман өрті, ауа температурасының күрт жоғарылауы, боран мен су тасқынын ескеріп осындай қортынды шығарып отыр.
Ғалымдар жаһандық жылыну нәтижесінде Жер шары 2 градусқа жылып, ауа температурасының жоғарылауынан болатын адам өлімі 5400%-ға жетеді деп отыр. Жағалаудағы аймақтарды су алу салдарынан адам өлімі 3780%-ға жетеді. Ал орман өртінен 138% болса, дауылдан 20% Жер шарындағы адам қаза болады.
21 ғасырдың соңына таман қолайсыз ауа райы салдарынна қаза болатындардың саны жыл сайын 3 мыңнан 150 мыңға жетуі мүмкін.
Пікір қалдыру