КХДР Гуам аралына соққы жасауға уәде берді

/uploads/thumbnail/20170810083635987_small.jpg

КХДР Тынық мұхиты аймағындағы Гуам аралында орналасқан америкалық әскери базаға зымыран жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Би-би-си порталының мәліметіне сүйенсек, КХДР әскерилері Корея орталық телеграфты арнасынан АҚШ-қа төрт баллистикалық зымырандарын жіберетінін әрі ол зымырандардың жапондық Симане, Хиросима, Коти префектураларының үстінен өтіп, 356 шақырым жерді 18 минутта өткеріп, Гуам аралынан 30-40 шақырым қашықтықта құлау керек.

Нақты шешімді Ким Чен Ын қабылдаған соң, соққы беру тамыздың ортасына жоспарланған.

Солтүстік Корея тарапынан АҚШ-қа төнбек қауіп жайында Washington Post басылымы жазды. Басылым мәліметінше, КХДР АҚШ-қа соққы беру үшін тез аралықта ядролық қару жасап шығармақ.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар