Димаш Құдайбергенов кезекті жүлдесін жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20170810084813134_small.jpg

Әлемге танымал Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов кезекті жүлденің иегері атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайбергенов Гонконгта өткен "Golden melody awards" салтанатты шарасында «Жылдың ең үздік ер әншісі» атағын жеңіп алды. Бұл жайында әнші өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында халқынан сүйінші сұрап хабарлаған.

«Сүйінші! Бүгін Гонконгта өткен "Golden melody awards" cалтанатында "Жылдың үздік ер əншісі" номинациясы бойынша марапатталдым. Барша тыңдармандарыма көп рахмет!» – деп жазады әнші.

Димаш – Қытайдағы ең үздік жобалардың бірі «Мен әншімін» байқауының 2-ші орын иегері. Өзінің ерекше таланты мен дауысымен қысқа ғана мерзімде бүкіл әлемге танылып көрерменнің көзайымы және елдің сүйікті әншісіне айнала білген дарын иесі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар