"Өкінішке қарай, мен де коронавирус жұқтырдым". Қазақстанда тағы бір шенеуніктен COVID-19 табылды

/image/2020/07/09/crop-71_5_444x789_677973ffdb9e3c9b.jpg

Бүгін, 9 шілде күні Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жайлы әкімнің өзі Instagram парақшасында жазды.

Ахметов өз жазабасында COVID-19-ға жасатқан тесті оң нәтиже көрсеткенін, бірақ қашықтан  жұмыс істей беретінін жазған.  

"Барлық сақтық шараларын қатаң сақтағаныма қарамастан, өкінішке қарай, менің Covid-19-ға жасатқан тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен мен оқшаулануға кетемін және де жұмысымды қашықтықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын" деп жазды әкім.

Бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те коронавирус жұқтырып, кеше жазылып шыққан.

Қазақстанда бұған дейін де ондаған шенеуніктен коронавирус табылған. Олардың арасында елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан  бар. 

Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны 53 мыңнан асты. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар