Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 8 шілдедегі дерегі бойынша, соңғы тәулікте елде 1962 адамнан коронавирус табылды. Елде бұған дейін бір күнде дәл мұнша адамнан COVID-19 анықталмаған.
Соңғы тәулікте 658 тұрғынынан коронавирус табылған Атырау облысы вирус жұқтырғандар саны бойынша өңірлер арасында көш бастады. Бұл облыста індетке шалдыққандар саны 6814-ке жетті.
Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 53021. Осы уақытқа дейін олардың 35137-і ауруынан айығып, 264-і көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі тәулікте өлгендер туралы мәлімет таратқан жоқ.
Қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша әлем елдерінің арасында 32-орында тұр.
Пікір қалдыру