Венесуэла СІМ АҚШ-тың жаңа санкцияларын мойындамады

/uploads/thumbnail/20170810090016413_small.jpg

Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса мемлекет басшылығының Вашингтон тарапынан белгіленген жаңа шектеулерді мойындамайтынын мәлім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жергілікті Reuters агенттігі хабарлады. 

«Біз Солтүстік Америка империясы тарапынан шыққан агрессияны қабылдамаймыз. Вашингтонның Венесуэла халқына қарсы енгізген санкцияларын мойындамаймыз», – деді Венесуэла СІМ телевизиялық хабарлама арқылы.

Айта кетейік, сәрсенбі күні АҚШ Венесуэлаға қарсы санкцияны кеңейтіп, қатарына ұйымдар мен жеке тұлғаларды, соның ішінде 8 шенеунік пен елдің бұрынғы президенті Уго Чавестің ағасы Адан Чавесті де қосқан. Бұдан бұрын АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы санкциялар енгізген.

Өткен сенбіде Венесуэлада мемлекет конституциясы мен билік жүйесін өзгерту мәселесі талқыланған ұлттық құрылтай отырысы өткен. Алайда оппозиция құрылтай отырысындағы талқыланған мәселелер мен дауыс беруді мойындамай, наразылық танытқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар