ГУ «СОМЭ КН МОН РК» сейсмикалық станциялар жүйесі 10 тамыз күні таңғы сағат 6:10-да тағы бір жер сілкінісін тіркеді деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі СОМЭ сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 466 километр қашықтықта Қытай аумағында орын алған.
Жер сілкінісінің энергетикалық классы 10.0 болса, магнитудасы MPV 4.2 құраған.
Эпицентр координаттары бойынша солтүстік ені 44.21 °, шығыс бойында 82,52 ° болған. Тереңдігі 10 шақырымды құрады.
MSK-64 шкаласы бойынша, аңдау туралы ақпарат жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, 9 тамыз күні Алматы қаласында орын алған 4 баллдық жер сілкінісінен кейін сейсмологтар қарқынды жұмыс істеуге кіріскен. Мамандардың айтуынша, келесі аптада 3-4 баллдық жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Сол себепті де қауіп деңгейі жасыл түстен сары түске көтерілген.
Пікір қалдыру