Ресейлік әскери ұшақ АҚШ-тың аса құпия аймағының үстімен ұшқан

/uploads/thumbnail/20170810094717173_small.jpg

Ресейлік әскери ұшақ Капитолия, Пентагон, Ақ үй және құпия үкімет бункерінің үстімен ұшып өтті деп  Qamshy.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды. Бұл АҚШ-пен келісілген ашық аспан келісімшарты аясында жасалды.

Ресейлік қорғаныс министрлігі, бір топ ресейлік инпекторлар 7 тамыздан 12 тамыз аралығында АҚШ шекарасымен ұшып өтетінін хабарлаған. Аталмыш мақсатта ресейлік Ту-154М Лк-1 ұшағы пайдаланылды. Ұшатын жерлер АҚШ-пен келісілген. Ал американдық мамандар тәртіптің бұзылмауын қадағалап отыр.

Ұшақ 1,1 метрден астам биіктікке ұшқан. CNN берген мәліметіне сәйкес, ұшаққа аса құпия аймақтардан ұшып өтуге рұқсат берілген.

 

 

Қатысты Мақалалар