Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды деп хабарлайды Qamshy.kz
Бұрын Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жетекшісі болған Нелли Краснобаева 1969 жылдың 17 сәуірінде Өскемен қаласында дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ін «тарих» мамандығы бойынша бітірген. Тарих магистрінің академиялық дәрежесі бар, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Еуропа, Канада және Ресей елдерінің университеттерінде сынақ мерзімінен өткен.
Еңбек жолын 1986 жылы Өскемен қаласының педагогикалық инстиутында кітапханашы болып бастаған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Өскемендегі ШҚО жол-құрылыс институтында «Философия және әлеуметтік-саяси теория» кафедрасында жұмыс істеген.
2006 жылдың мамыр айынан бастап «Философия және адами дамудың мәселелері» кафедрасында, 2016 жылдан бері «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында доцент.
Бірнеше жыл бойы ШҚО ҚХА ғылыми-сарапшы тобын басқарған. ШҚО әкімідігі жанындағы діни бірлестік байланысы бойынша Кеңестің мүшесі.
Пікір қалдыру