Қытайдағы Сычуань провинциясында 8 тамыз күні кешкі уақытта күшті жер сілкінісі болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Деректерге сүйенсек, 8 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:19-да Сычуань провинциясындағы Нгава-Тибет-Цянь автономиялық ауданының Цзючжайгоу уезінде болды.
Сейсмологтар жер сілкінісінен кейін 770-ке жуық жер асты дүмпулерін анықтады.
Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, 250 тұрғын жарақаттанды.
Қытайдың орталық телевидениесінің хабарлауынша, дәрігерлер 40-қа жуық адамның жағдайы ауыр екенін жеткізді.
Зардап шеккен адамдардың қатарында Франция мен Канада азаматтарының бар екені анықталды. Екі шетелдік азамат жергілікті ауруханаға жеткізілген.
Жер асты дүмпулері 4 баллдық жүйеде Қазақстанда да сезілді.
Пікір қалдыру