Шымкентте қазақ қыздарын қытайларға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеуде

/uploads/thumbnail/20170810125356513_small.jpg

Шымкент қаласында қытайлық компания басшылары өздерінің құзыреттіліктерін асыра пайдаланып, қазақ қыздарын қытай азаматтарына тұрмысқа шығуға мәжбүрлеуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында әлеуметтік желі қолданушысы Ержан Қалдыбаев өзінің  Facebook желісіндегі жеке парақшасында бірнеше дәлелді мысал келтіре отырып хабарлады. 

«Бүгін бір танысыммен әңгіме барысында сұмдық жаңалықты естідім. Шымкенттегі Мұнай өндіру зауытының (МӨЗ) басшылары қытай азаматтары болып табылады. Солар өздерінің қоластында жұмыс істейтін қазақ қыздарына үйленіп жатыр екен. Тіпті, олардың келісімінсіз мәжбүрлеп жатқан көрінеді.  

Нақты дәлелім бар: Созақ ауданының бір бойжеткені сол МӨЗ-де жұмыс істейді. Сол қыз жақын арада қытайдың бір ер адамына тұрмысқа шығайын деп жатыр екен. Той күнін де белгілеп қойыпты. Ал қытайлық күйеу жігіт алғыс ретінде қыздың әкесін, яғни өзінің болашақ қайын атасын сол компанияға жұмысқа тұрғызыпты.  Бұл жағдайлар ешбір у-шусыз орын алуда.

Тағы бір жағдайды айтар болсақ, бір күні түнгі сағат үште Шымкенттегі Мұнай өндіру зауытына 25 автобуспен қытайлық жұмыскерлерді алып келіпті. Олардың жалпы саны 1300 қытай. Неге түнгі 3-те?..» - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы. 

Сонымен қатар, еліміздің болашағына алаңдаушылық білдірген Ержан Қалдыбаев: «Қазақстан Үкіметінен үлкен үміт күтеміз. Осындай жайттарды біліп отырғанымыз артық болмайды, өйткені қытайлар үшін жерді қалай болғанда да латентті экспансия арқылы иелену керек екенін ұмытпайық. Саналы ақылға салып бірге ойланайық», - деп өз ойын түйіндейді. 

Иә, расымен де жерімізді қара қытай қаптаса не болмақ? Бұл қазіргі таңда әрбір адамды ойландырып, толғандырып жүрген сауал болып табылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар