Ядролық қару қаупінен жапондықтар жаппай жерасты бункерлерін сатып алуда

/uploads/thumbnail/20170810130411361_small.jpg

Солтүстік Корея тарапынан төнген ядролық қауіптен Жапония тұрғындары жерасты бункерлерін жаппай сатып алуды бастаған деп хабарлайды Лайф.ру-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Vice порталының мәліметінше, наурыз айынан бері осындай құралдарды жасап шығаратын Oribe Seiki Seisakusho компаниясының сатылымы үш есеге көбейген.

Аталған компания мұндай жабдықтарды шығарумен 30 жылдан бері айналысып келеді. Алайда дәл қазіргі уақытта оқыс жағдайлардың орын алуына байланысты осы өнімге сұраныс біршама артқан. Компания жұмысшылары қойманы осы тауарлармен қамтамасыз етіп үлгермей жатқандығын айтады.

«Мұндай бункерлерді жасап шығару үшін көп қаражат пен ұзақ уақыт керек. Алайда қазіргі уақытта клиентерден еститініміз бір ғана нәрсе – осы жабдықты дәл қазір тауып беру», – дейді компания өкілдерінің бірі.

Лайф.ру-дың жазуына қарағанда, КХДР АҚШ әскери базасы орналасқан Гуам аралына соққы беру жоспары бар екенін айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар