Алматыда жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
«Алғашқы деректерге сәйкес, бүгін сағат 09:53-те оқу тапсырмаларын орындау барысында жерге қонбақ болған «Технам 2002» әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым қашықтықта апатқа ұшырады. 2 адам қаза тапты», – делінген хабарламада.
Әуе кемесі азаматтық авиация академиясына тән. Азем аэродромы Алматы қаласынан 43 шақырым қашықтықта орналасқан.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тергеу департаменті болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.