Қарасай ауданының әкімшілігі Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан азаматтардың есімін атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Сатыбеков апатқа ұшыраған «Технам 2002» ұшағында 2 адам болғанын мәлімдеген.
«Олар 1977 жылғы нұсқаушы С. П. Курченко және 1996 жылғы курсант Е. Әбішев. Курченко Украина азаматы болуы мүмкін деген болжамдар бар. Нақты ақпарат әлі де анықталуда. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында полицей қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр», – деді Нұржан Сатыбеков.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 09:53-те Азем аэродромының аймағына «Технам 2002» ұшағы құлады. Әуе кемесі азаматтық авиация комитетіне тиесілі.
Пікір қалдыру