Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен баспасөз конференциясында оқу гранттарының иегерлері белгілі болды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда бакалавриат 6230 орынға көбейген. 2017-2018 оқу жылына 37 932 білім гранты берілген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, қызметкерлердің кәсіптік одағының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары енгізілді,- деді вице-министр.
Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 талапкер қатысқан. Оның ішінде 49 858 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысты.
Пікір қалдыру