Ағымдағы жылы 9-10 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ал Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты 10 қыркүйек күні өтеді, деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып.
«Ағымдағы жылы 9-10 қыркүйек күндері Түркия басшысы Қазақстанға келеді. Біз үшін аталған сапардың маңызы зор. Осы сапардан соң Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталады деп сенемін», - деді Түркияның экономика министрі Ниxат Зейбекджи бүгін Қазақстан-Түркия бизнес форумында.
Пікір қалдыру