Түркия министрі: Біз ата жұртымызға келгенімізге өте қуаныштымыз

/uploads/thumbnail/20170810163303945_small.jpg

Бүгін Түркия-Қазақстан бизнес форумының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркияның экономика министрі Ниxат Зейкбеджи өз xалқының ыстық сәлемін жеткізді, деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Біз ата жұртымызға келгенімізге өте қуаныштымыз. Қазақстан - ата-бабаларымыздың жері. Бүгін ЭКСПО көрмесінде Түркияның ұлттық күні аталып өтуде. Біздің делегациямызды өте жақсы қарсы алды, ұлттық күніне арналған шаралар да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ризамыз! Ата жұртымызға келіп, толқып отырмыз. Бұл жерде өзімізді үйде жүргендей сезінеміз. Тағы бір аптадай жүрсек, қазақ тілінде еркін сөйлеп кетеміз. Себебі қазірдің өзінде бір-біріміздің тілімізді түсіну қиын емес. Ал, ең бастысы, біз бір-бірімізді жүрек арқылы түсінеміз. Себебі жүректің тілі ортақ», - дейді Зейкбеджи.

Оның айтуынша, қазіргі екі жақтың сауда-экономикалық байланыстары ойдағыдай дамып келеді. Алайда ол байланыстарды әлі де күшейтуге болады.

«Шыны керек, екі жақты алыс-берістің басым бөлігі табиғи ресурстарға тиесілі. Бізге басқа салаларда да байланыстарды дамыту қажет. Сауда-саттықтың көлемін 5 млрд. долларға жеткізу керек. Екі елдің президенттері осындай межені белгілеп отыр. Негізі, Назарбаев пен Ердоған бір-бірін дос ретінде ғана емес, бауыр ретінде де қатты сыйлайды. Кәсіпкерлер үшін осындай тығыз байланыстың болғаны тиімді. Себебі саяси қарым-қатынас жақсы болса, экономикалық байланыстар да жақсы дамиды», - деп атап көрсетті Зейкбеджи мырза.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар