Иран Тәжікстандағы терроризмді қаржыландырғанын жоққа шығарды

/uploads/thumbnail/20170810164333382_small.jpg

Иран елшілігі Тәжікстандағы азамат соғысы жылдарында терроризмді қаржыландыруға қатысы бар екенін жоққа шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

8,9 тамыз күндері Тәжікстанның барлық мемлекеттік арналарында 45 минуттық деректі фильм көрсетілген. Онда фильм авторлары Иранды Тәжікстандағы азамат соғысы болған  (1992-1997 жылдары) уақытта  терроризмді қаржыландырды деп айыптаған. Тәжістанның танымал саясаткерлері мен журналистері, ғалымдарының өлімі  Тегеранның қолдауымен қаржыландыра отырып іске асырылғандығы айтылған.

Иранның дипломатиялық өкілділігі мәлімдемесінде: «Иранға қатысты барлық айыптаулар өте күмәнді. Фильмде жазаға тартылғандардың сөздері мен өмірде жоқ адамдардың атынан айтылған айыптаулар көп, сондықтан мұндай жала жабу шындыққа үйлеспейді» деп жазылды.

Елшілік бұл фильмнің авторлары  екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың  бұзылуына септігін тигізе алмайтынын мәлімдеді. «Соңғы жағдайларға сәйкес  Тәжікстан энергетика және су ресурсы министрінің Тегеранға сапары аясында қол жеткізілген келіссөздер арқасында мұндай мазмұндағы фильмдер мен   авторлардың  өз мақсаттарына жетпейтіндері анық» делінді мәлімдемеде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар