Фируза Шәріпова екі бірдей чемпиондық атаққа таласады

/uploads/thumbnail/20170810164815997_small.jpg

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың 26 тамызда Астанада өтетін жекпе-жегіне қандай чемпиондық атақтар тігілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  AllFight.Ru-ға  сілтеме жасай отырып.

Бұл жекпе-жекте Шәріпова Халықаралық әйелдер боксы қауымдастығымен қоса Бүкіләлемдік бокс одағының жеңіл салмақтағы чемпиондығы үшін жұдырықтасады.

Еске салайық, Фируза Шәріпова жекпе-жегін 26 тамызда ЭКСПО-2017 аясында өткізеді. Фируза Шәріпова бұл жолы өте тәжірибелі болгариялық Милена Колевамен жұдырықтасады.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар