Елімізде экспорт көлемі артады

/uploads/thumbnail/20170810182851620_small.jpg

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық даму мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.

Отандық бизнестің экспортқа бағытталған жобаларын қолдау да бағдарламадағы басым бағыттардың бірі. Мәселен, Оралдағы 3 жыл бұрын ашылған трансформатор құрастыру зауыты өз өнімінің 95 пайызын шет елдерге экспорттап отыр. Трансформатор зауыты Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығына жататын аймақтағы инновациялық жобалардың бірінен саналады. Былтыр кәсіпорын Сібір, Қырым, Екатеринбург және Саратов қалаларына 4 мың дана күштік трансформатор жөнелтті. Көршілес облыстардан да тапсырыстар жиі түседі. Теңіз және Қарашығанақ секілді қазба байлығын игеруші ірі компаниялармен келісімшарттарға қол қойылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар