Қазақстаннан шыққан биатлоншы енді Ресейдің намысын қорғамақ

/uploads/thumbnail/20170811093202586_small.jpg

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Арина Пантова жаңа маусымнан бастап Ресей құрамасының намысын қорғайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі. Бұл туралы Арина Пантова Instagram әлеуметтік желісінде жазған болатын.

Спорттық азаматтығын ауыстырудың басты себебі отбасылық жағдайына байланысты екенін айттф Арина.  Пантованың әкесі туған қаласы Павлодардан Түменге көшіп, енді сол жақта бапкерлік қызмет атқарады.

«Бұл жағдайды түсіндіру  орынсыз болмайтын шығар. Менің басқа елдің атынан өнер көрсетуім ақшаға байланысты емес! Себебін бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіруге болады. Әкемді Ресейге жұмысқа шақырыпты - болды!  Ал Қазақстанды әрдайым жақсы көрдім, жақсы көре беремін де! Қазақстан жайлы ешқашан жаман сөйлеген емеспін», - деп жазды Пантова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар