Астероид жерге жақындап келеді

/uploads/thumbnail/20170811112027206_small.jpg

Еуропа ғарыш агенттігі жерге үйдің көлеміндей астероид жақындап келе жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Астероидтің диаметрі – 15-30 метр және  астериод 12 қазанда жерге жақын маңнан, яғни 44 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

ЕҒА егер астериод атмосфераға өтсе, оның зардабын 2013 жылы Челябіде құлаған метеоритпен салыстыруға болатынын атап өтті.

«Бұл –  өте жақын», – деді France Press агенттігіне Еуропалық ғарышқа ұшу орталығы басқармасының директоры Рольф Денсинг.

Директор жерге жақындап келе жатқан астероид қазіргі таңда «қауіпсіз» аумақта екендігін айтады. Астрономдар астероидты көзге көрінген кезде зерттемек.

Қатысты Мақалалар