10 тамыз күні Қытайда ірі көлемдегі жол-көлік апаты орын алды. Апат салдарынан 36 адам көз жұмды, тағы 13 адам жараланды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Чэнду қаласынан Лоян қаласына бет алған автобус белгісіз себептермен Пекин-Куньмин жолында апатқа ұшырады. Жоғары жылдамдықта жүрген автобус жер асты өткеліне соғысқан.
Апат кезінде автобуста 49 адам болған.
Барлық жарақат алған жолаушылар емдеу орталықтарына жеткізілді. Апаттың салдарын анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.