ШҚО-да сержант-техник түннің ортасында шекара бекетінде болмай шықты. Оны әріптесімен бекеттен үш шақырым қашықтықта қызметтік көлікте ұйықтап жатқан жерінен тауып алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Түннің ортасында 37 жастағы техник гаражда әріптесімен ішімдік ішкен. Бір бөтелкені тауысқаннан кейін техник мас күйінде УАЗ көлігін жүргізген. Бекеттен үш шақырым жүріп өткеннен кейін ішімдікті ішуді жалғастырған.
Таңғы үш жарымда шекара бекетінің командирі әскери қызметкерлердің орнында жоқ екенін байқаған. Оның бұйрығымен іздестіру жұмыстары басталды. Әскерилерді таңертең көлікте ұйықтап жатқан жерінен тауып алған.
Сот техникті көлікті мас күйінде жүргізгені үшін бір жылға бас бостандығынан айырып, 25 АЕК айыппұл салды. Ал оның досына қатысты қандай шара қолданылғаны әлі белгісіз.