Зерттеу нәтижесінде 2016 жыл соңғы 137 жыл ішіндегі ауа температурасы жағынан ең жылы көрсеткішті көрсетті. Бұл жайында АҚШ-тың мұхиттар мен атмосфераны зерттейтін Ұлттық әкімшіліктің баяндамасында айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін 2015 жыл – ең жылы көрсеткішті көрсеткен. Баяндама авторлары жыл өткен сайын жер шарының жылу көрсеткіші артып келе жатқанын айтып өтті. Ал 2016 жылдың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда мұхит пен жер, теңіз деңгейі мен атмосферадағы газ деңгейін есептегенде басып озды.
Аталмыш зерттеуге 60-тан астам елден 450 маман ат салысқан.