ОКҚ басшысы Артур Нығметов қызметінен кетті

/uploads/thumbnail/20170811130827093_small.jpg

Орталық коммуникация қызметінің (ОКҚ) басшысы Артур Нығметов қызметінен кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін ОҚК басшысы Артур Нығметовпен әңгіме барысында өзінің алдағы уақыттарға арналған жоспарын айтып, шетелге оқуға кетуге ниеттеніп жүргендігін жеткізді. Артурдың бұл шешімін құп көріп, оған қолдау көрсетуге қажет деп таптым.

Аз ғана уақыттың ішінде Артур Нығметов Орталық Коммуникация қызметінің жұмысын ілгері дамытып, БАҚ өкілдерімен өзара келісімге келіп, жұмысын жақсы атқара білді.

"Артурға үлкен алғыс білдіріп, алдына қойған мақсатына жетіп, сәттілік тілегім келеді", –  деп жазады Дәурен Абаев.

Айта кетер болсақ, Артур Нығметов ОКҚ басшылығына 2017 жылдың мамыр айында келген болатын. 2015 жылы ол – Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып, сол жылдың 21 қыркүйегінде ол қызметінен де кеткен. ОКҚ басшылығына келмес бұрын ол – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болған.

Қатысты Мақалалар