АҚШ пен КХДР арасында соғыс болса, Қытай жағдайды бақылай алады

/uploads/thumbnail/20170811140526044_small.jpg

Ол үшін Қытайда қажетті тетіктің барлығы бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Global Times-қа сілтеме жасап.

Фундан университетінің (Шанхай) директоры Чжэн Цзиюнның айтуынша, екі ел арасында шиеленіс болса, КХДР зардап шегеді. Сондықтан, Корей түбегіндегі тұрақтылықты сақтау – ең алдымен Пхеньян үшін тиімді екенін айтты.

Оның бұл пікірімен ҚХР-дың әскери зымыран саласының белді сарапшысы Сун Чжунпин де келісті.

"Хвасон" зымыранын дайындау үшін көп уақыт керек. Сол мерзімде АҚШ пен оның одақтастарының ғарыштық спутниктері оқтықтарды аңдып, оны жойып жіберетіндей жағдайға жетеді", – деді Сун Чжунпин.

Айта кетейік, сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге КХДР-дың АҚШ-қа қоқан-лоқы көрсетудің қажеті жоқ екенін айтқан. Ол ескертулерге әлем көрмеген отпен және ашумен жауап беретінін айтқан. Осыдан кейін ЦТАК агенттігі Солтүстік Корея АҚШ-тың Гуамадағы базасына соққы жасай алатынын ескерткені туралы хабар таратты.

 

Қатысты Мақалалар