Қытай АҚШ-ты тәуелсіздігіне қол сұқты деп айыптады

/uploads/thumbnail/20170811140815052_small.jpg

Қытай билігі АҚШ-ты өзінің тәуелсіздігіне қол сұқты деп айыптады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Американдық эскадралық минатасушы Джон С. Маккейн Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Спратли даулы аралына жақындаған.

ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі американдық әскери кеменің Спратли аралы маңынан өткені туралы бейсенбі күні хабарлаған. Қытай дипломаттары американдықтардың бұл істі Қытай тәуелсіздігіне дөрекі қол сұғушылық деп бағалады.

Сонымен бірге Қытайдың Қорғаныс министрлігі американдықтардың мұндай әрекеті екі жақтың стратегиялық сенімділігіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

Айта кетейік,  Оңтүстік-Қытай теңізі – әлемдегі шиеленісті ошақтардың бірі. Бұл аумаққа иелік етуге бірден 6 мемлекет таласады: ҚХР, Филиппин, Малайзия, Бруней, Вьетнам, Тайвань.

Қатысты Мақалалар