АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының бұзылуына БАҚ пен конгресс кінәлі

/uploads/thumbnail/20170811135852795_small.jpg

"АҚШ-тағы президент сайлауына ресейліктер араласты" деп ақпарат таратқан америкалық БАҚ Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасының арасына сызат түсіргені үшін жауапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл жайында жергілікті The Nation басылымында арнайы мақала жарық көрді.

Мақала авторының айтуынша, екі ел арасындағы араздыққа бірде-бір журналист қарсылық білдірмеген. Сонымен қатар, Мәскеуге қарсы барлығы бірауыздан келісім білдірген конгрессмендер арасында да бұл жағдайға қарсылық білдірушілер табылмаған.

Америкалық басылым беттерінде жарық көріп жатқан екі ел арасындағы жаңа соғысқа байланысты мақалаларда тек Ресей кінәлі деп беріледі. Олардың материалдарында АҚШ саясатының осал тұстары көрінбейді. Сол себепті де Ресей-АҚШ қарым-қатынасының бұзылуына тікелей БАҚ өкілдері кінәлі деп табылады.

The Nation басылымы АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарына тән ерекшеліктерді атап көрсетеді:

Мәскеу өз шекарасындағы НАТО күштерінен қорғану мақсатында елдегі қауіпсіздікті нығайтса, журналистер мұны «қарулы қақтығыс» ретінде атап көрсетеді.

Баспасөзде тек бір ғана көзқарас бар, ал оларға жан-жақты пікір айтып, альтернативті көзқарас тудыру деген мүлде жоқ.

АҚШ-та бұқаралық ақпарат құралдарын «ресейлік фейктерден» тазарту үшін қомақты қаржы бөлінеді, ал шындығында, бұл жерде қарапайым цензура туралы айтылады.

Альтернативті көзқарастың жоқтығы көбінде "АҚШ-тағы президент сайлауына ресейліктер араласты" деген ақпарат төңірегіндегі жанжалда байқалады және де бұл жағдай әлі күнге дейін Мәскеу мен Вашингтон арасын ушықтырып, жаңа соғыс өртінің тұтандырмақ. Сонымен қатар, осы жайттың салдарынан Трамп сайлауға түсер алдында елге берген уәдесін толық орындауына мүмкіндік тумай отыр. Ол Ресеймен қарым-қатынасын түзеп, серіктес елге айналамыз деп айтқан болатын.

«Дұрыс ойлау үшін барлау ардагерлері» ұйымы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ешқандай да «ресейлік хакерлер» демократиялық партияның серверіне шабуыл жасамаған деген байлам жасаған. Шын мәнінде, ол өз іштерінде ұйымдастырылып жасалған іс-әрекет болып табылады. Алайда америкалық БАҚ беттерінде жасалған зерттеуің нәтижесі жайлы ешбір ақпарат шықпаған. Керісінше, барлығына Кремльді кіналап, мәселені жылы жауып қойған.

Трамптың айтуынша, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы өте төменгі деңгейге жетіп, қауіпті нүктесіне келіп тірелді.

«Ресеймен ара-қатынасымыз өте төмен деңгейде және қауіпті нүктеге келіп тірелді. Сол үшін конгреске алғыс айтуларыңызға болады. Олар бізге, тіпті, медициналық сақтандыру да алып бере алмайды», – дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Қатысты Мақалалар