КХДР азаматы Оңтүстік Кореяға теңіз арқылы қашып келген

/uploads/thumbnail/20170811135816454_small.jpg

КХДР тұрғыны Оңтүстік Кореяға 11 тамызға қараған түні теңіз арқылы келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Әскерилер теңіз аймағын тексеру барысында КХДР жағынан қашқынды байқаған. Оңтүстік кореялық әскерилер оған көмектесті. Қашқынның қанша қашықтықты жүзіп өткені туралы ақпарат жоқ. Оның жасы 20-да. Ер адамның неліктен қашқаны тексеріліп жатыр.

Жыл басынан бері Солтүстік Кореяның 11 азаматы Оңтүстік Кореяға қашқан. Оның бесеуі – өткен айда теңіз арқылы келгендер.

 

Қатысты Мақалалар