Еуропалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін министрлігі жақын уақытта қауіпті заттармен уланған тауық жұмыртқаларына байланысты туған дауды талқылау үшін жедел отырыс жасамақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Еурокомиссия мүшесі Витнес Андрюкайтис мәлімдеді.
Андрюкайтис Нидерланд, Бельгия және Германия елдерін аталмыш дауға байланысты айыптаулардан бас тартуға шақырды. Бұл үш елдің өкілдері Еуропада таралған жұқпалы жұмыртқалардың жауапкершілігі қай елге тән екенін анықтаумен болды.
Жұмыртқаның құрамында адам өміріне аса қауіпті инсектицид – фипронил табылған. Нидерландта өнімнің зақымдануына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталған. Олар – тауық фермасына кене, бүрге, бит сынды жәндіктерге қарсы инсектицид жіберген компанияның менеджерлері. Ал жұмыртқалар Еуропаның ондаған қалаларына таралып, сатылымға шығып үлгерген.