Түркия Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарсылық білдірді

/uploads/thumbnail/20170811173035285_small.jpg

Түркияның СІМ Мевлют Чавушоглу Анкара АҚШ пен ЕО-ның Ресейге қарсы салынған санкцияларына қолдау білдірмейтіндігін айтты. Себебі олар Түркияның экономикасына едәуір кері әсерін тигізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

«Түркия елі де санкцияның салдарынан біраз жапа шеккен. Біздің көрші әрі серіктес елімізге салынған санкциялар Түркияның экономикасына біраз кері әсерін тигізеді. Сол себепті де біз ол санкцияларға түбегейлі қарсымыз. Мәселенің өзге де шешімін табуға тырысамыз. Сондықтан да біз Ресейге қарсы салынған санкцияларға қолдау білдірмей, саяси шешімді құптаймыз», – дейді Чавошуглу.

«Ресей мен АҚШ бір-біріне қарсы санкциялар салуда, ал ЕО АҚШ-қа қарсы қандай да бір шара қолданбақ, себебі америкалық санкциялар ЕО-ға да кері әсерін тигізуде. Түркияның экономикасы құлдырамас үшін барлығын бейбіт жолмен шешуге тырысамыз», – деп қоса айтып өтті министр.

Қатысты Мақалалар