Лондонда метро өртеніп, бірнеше адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170811171547365_small.jpg

Лондон метроларының бірінде өрт орын алып, төрт адам зардап шеккен. Оның екеуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Өрттің жұма күні Лондонның Oxford Circus станциясындағы метрода болғаны белгілі болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген. Жергілікті полицияның мәліметінше, өрт қасақана жасалмаған деп бағаланды. Алайда қазіргі уақытта мәселеге байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар