Еуро Одақ осы жұмада КХДР-ға жаңа санкциялар енгізді. Енгізілген санкциялар бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын жүзеге асыру мақсатында тоғыз адам мен тағы төрт ұйым қара тізімге енгізілді деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ендігі уақыттан бастап ЕО-ның ҚХДР үшін қара тізімге 103 адам мен 57 ұйым кірді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-дың зымыран сынақтарын жүргізгені үшін санкцияларды қаталдандырды.