Орталық коммуникациялар қызметінің басышысы болып Анастасия Щегорцова тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Анастасия Щегорцова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетін (2003) бітірген, әлеуметтану магистрі дәрежесі бар.
Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Тіл комитетінде, Астана қаласы әкімдігінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарған.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы директоры Артур Нығметовтың қызметінен кеткені хабарланған. Дәурен Абаев оның шетелде білімін шыңдайтын ниеті барын мәлім еткен.