Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік апатынан үш адам мерт болды. Қайғылы жағдай жұма күні сағат 08:00-дер шамасында Бадам елді мекеннің маңында болған деп хабарлайды ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз хатшылығына сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1991 жылы туған азамат өзі басқарып келе жатқан «Хово» ауыр жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-21070 маркалы жеңіл машинасымен соқтығысқан. Салдарынан 1985 жылы туған жеңіл көлік жүргізушісі мен 1960 және 1984 жылдардағы екі жолаушы оқиға орнында тіл қатпай кеткен. ВАЗ машинасының ішінде болған тағы екі жолаушы – 1987 және 1992 жылдары туған азаматтар әртүрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.