2017 жылғы қаңтар-шілдеде 2016 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен қатар темекі өнімдерінің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.
Өнеркәсіптік өндіріс индекстері

2017 жылғы қаңтар-шілдеде жекелеген өнім түрлерінің өндірісі
|
|
Өндірілгені |
2016 жылғы қаңтар-шілдеге пайызбен |
|
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна |
49,9 |
109,9 |
|
мыс кендері, млн.тонна |
56,9 |
132,9 |
|
ұн, млн.тонна |
2,3 |
108,3 |
|
бензин, млн.тонна |
1,9 |
104,2 |
|
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна |
2,7 |
99,5 |
|
портландцемент, млн. тонна |
5,3 |
102,3 |
|
жазық илек, млн. тонна |
1,7 |
101,8 |
|
тазартылған мыс, млн. тонна |
0,2 |
105,7 |
|
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. |
59,1 |
110,7 |