Cybernet AI түркі тілдеріне арналған ірі ASR-модель ұсынды

/uploads/thumbnail/20260118110733113_big.webp Astana Hub

Қазақстандық Cybernet AI стартапы түркі тілдеріне арналған автоматты сөйлеуді тану (ASR) бойынша ең ауқымды модельді таныстырды. Бұл – Орталық Азияда жасалған осындай көлемдегі алғашқы жоба және ағылшын тілінен бейімделмей, бірден түркі тілдерінің ерекшелігіне сай жобаланған толыққанды ІІ-модель.

Жоба Astana Hub, ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің стратегиялық қолдауымен, Microsoft GPU-инфрақұрылымында жүзеге асырылған.

Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскембаевтың айтуынша, бұл әзірлеме түркі тілдес елдерге цифрлық сервистерді ана тілінде, сапаны жоғалтпай және қолжетімді бағамен масштабтауға жол ашады. Қазақстан үшін бұл – дайын шетелдік ІІ шешімдерді тұтынушыдан, өз технологиясын экспорттай алатын әзірлеуші елге өту.

ASR-модель қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, әзербайжан және татар тілдерінде оқытылған. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кең тараған түркі-орыс аралас сөйлеуді де дәл таниды.

Бұған дейін өңір елдері негізінен ағылшын тіліне бағытталған халықаралық ASR-модельдерді қолдануға мәжбүр болды. Олар түркі фонетикасы мен акценттерін толық ескермей, сапаны шектейтін.

Cybernet AI бұл тәсілден бас тартып, өңір үшін және өңірде жасалған жеке модель құрды. Компанияның техникалық директоры Рашид Исмаилов бұл жобаны Қазақстанның технологиялық егемендігіне қосылған үлес деп бағалад

Жаңа модель банктерге, телеком-компанияларға, байланыс орталықтарына, логистика мен мемлекеттік қызметтерге бағытталған. Жобаны дайындаушылардың айтуынша, ол шығынды азайтып, клиенттерге 24/7 дауыс арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қатысты Мақалалар