АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндиядан АҚШ-қа жеткізілетін барлық тауарға 10 пайыздық кедендік тариф салынатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, «қасиетті жерге» ешкім қол сұқпауы тиіс, әсіресе мәселе АҚШ-тың және бүкіл әлемнің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты болса.
Трамп 2026 жылдың 1 маусымынан бастап бұл тариф 25 пайызға дейін өсетінін айтты. Аталған баж салығы Гренландияны толық әрі түпкілікті сатып алу жөнінде келісім жасалғанға дейін күшінде болады.
Президент бұған дейін Еуропалық одақ елдері АҚШ тарапынан ешқандай тарифке ілінбегенін, алайда енді «қарызды қайтару уақыты келгенін» атап өтті.
«Ғасырлар өткен соң, енді Данияның қарызын қайтаратын кезі келді. Себебі бұл жерде әлемдік бейбітшілік тағдыры тұр. Қытай мен Ресей Гренландияға қызығушылық танытып отыр, ал Дания бұған қарсы тұра алмайды. Қазіргі таңда олардың қорғанысы ретінде небәрі екі ит жеккен шана ғана бар, оның бірі жақында ғана қосылған. Бұл ойында тек АҚШ қана тиімді әрі табысты әрекет ете алады», – деді Дональд Трамп.