Бүгін таңертең сағат 09:53-те Теңіз кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында орналасқан GT-9.3 турбинасының трансформаторында өрт шықты. Қауіпсіздік шаралары аясында қызметкерлер дереу қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. ТШО-ның апаттық қызметі өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 аумағындағы GT-9.5 турбинасының трансформаторында тағы бір өрт тіркелді. Қайта тұтанған өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Бұл оқиғада да зардап шеккендер анықталған жоқ.
Оқиға туралы төтенше жағдайлар департаментіне бірден хабар берілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жағдай толық бақылауда.