Атырауда үйлер құлап жатыр. Жергілікті халық төтенше жағдай жариялауды талап етті

/image/2024/02/15/crop-14_7_764x1019_su.jpg

«Атырауда Жұлдыз, Өркен, Мирас, Балауса және басқа да бірнеше ықшамаудан халқы жауын-шашын зардабын тартып отыр. Бірнеше күннен бері ауласындағы қар суымен өз бетінше арпалысып жүрген Марат Тақановтың таңертең гаражы мен жазғы үйінің қабырғасы опырылып құлаған», деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Міне, уақытша тұрағымыз да құлап қалды. Бүгін таңда құлады. Осылай суға кетіп жатырмыз. Ешқандай көмек жоқ. Кеше су таситын көлік келеді деген, онысы бүгін таңертең келді», дейді Тақанов.

«Қазіргі жағдайымыз, тіпті қиын. Мінекей, үлкен кісі, ақсақал, бұл кісінің щаңырағының қалай суға кетіп жатқанын адамдар көрді. Бірақ ешқандай көмек жоқ. Қаншама үй құлап жатыр. Жігіттер су кешіп жүр. Бірақ нәтиже жоқ» деді Жаңбырбай Жұмашов.

Серік Шәпкеновтың өзі халық алдына шықпады. Ал оның орынбасары мен әкімдіктің басқа қызметкерлері ашулы жұртты тыңдаған да жоқ.

Көл-көсір болған судан баспанасына кіріп-шыға алмай қалған тұрғындар үйін тастап көшіп жатыр. Суды өз бетінше сорғызғанымен, сәлден соң дәл осы қалыпқа қайта түседі дейді. Қала әкімі қызыл судың бұлай жиналуын арық жүйесінің жоқтығымен түсіндірді. Дегенмен қазір ірі компаниялардан және Орал қаласынан техника сұратып жатыр екен.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин: «Кәріз насос станциясы жоқ, жаңбыр суын жүйелі түрде қаланың сыртына шығарып жіберетін станция жасалмаған. Жерге сіңбей жатыр. Суды бір мезетте шығарып тастау мүмкін емес. Ол неше күн алатынын сұрасаңыз, қазір жауап бере алмаймын».

«Жағдай толыққанды тексерілмейінше, төтенше жағдай да жарияланбайды», деді шенеуніктер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар